WTA 1000: Ю.Путинцева бірінші айналымда жеңілді
Қазақстандық теннисші Юлия Путинцеваның Монреальда өтіп жатқан WTA-1000 турнирінде де жолы болмады. Алғашқы айналымнан әрі аса алмаған отандасымыз үшін, бұл қалыпты жағдайға айналғандай. Юлия маусым мен шілдеде өткен дерлік барлық турнирде сәтсіздікке тап болды. Бесінші жарыс қатарынан бірінші матчта жеңіліп жатыр. Канада ашық чемпионатында қытайлық теннисші Ханьюй Годан 3:6, 3:6 есебімен жеңіліп қалды. Кездесу 1 сағат 27 минутқа созылды. Осы уақыт аралығында еліміздің екінші ракеткасы 1 эйс жасап, 4 брейк-пойнттың екеуін пайдалана алды. Бұл бәсекеде, әрі қарай жекелей сында Елена Рыбакина ел намысын қорғайды. Ол ертең кортқа шығады. Қарсыласы – АҚШ өкілі Хейли БапТист.
Асылбек Данияр
Автор
Асылбек Данияр
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Бельгия Қазақстанның антиядролық бастамаларын қолдайды
27.09.2025, 18:08

Тарихи матч: үлкен экрандағы ашық көрсетілім
27.09.2025, 18:05
Елордада кәсіподақтар экологиялық акцияға қатысты
27.09.2025, 18:04
Астанада журналистер арасында «Көш» ойынынан жарыс өтіп жатыр
27.09.2025, 18:02
Астанада «Асыл мұра» этнофестивалі өтті
27.09.2025, 17:59
СҚО-да ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтті
27.09.2025, 17:56
Алматыда New York Film Academy филиалы ашылды
27.09.2025, 17:49
Биыл Қызылорда облысының жастарына 100 пәтер беріледі
27.09.2025, 17:46