Семсерлеуден Грузияда өтіп жатқан әлем біріншілігі аяқталуға жақын. Өкінішке қарай, жекелей сында Ұлттық құрама мүшелері жүлдегерлер қатарынан көріне алмады. Ең үздік нәтиже 1/8 финалда жарыс жолынан шығып қалған Руслан Құрбановқа тиесілі. Отандасымыз қорытынды кестеде 9-орыннан көрінді. Ендігі бар үміт командалық сында. Бүгін іріктеу кезеңі өтті. Отандастамырыз 1/16 финалда жеке бейтарап спортшылармен, яғни Ресей командасымен кездесті. Командалық әлемдік рейтингте 5-орында тұрған жерлестеріміз қарсыластарын 10 ұпай айырмасымен, 45:35 есебімен жеңді. Енді қазақстандық семсерлесушілер ширек финалға шығу үшін Қытай құрамасын жеңуі керек. Жарыс ертең жалғасады. Айта кетейік, бұл сында ел намысын: Руслан Құрбанов, Вадим Шарлаимов, Эльмир Әлімжанов, Кирилл Проходов қорғады.
Асылбек Данияр
