Қостанайда жастар арасында экологиялық жарыс өтті
Қостанайлық жастар «Таза Қазақстан» акциясы аясында алюминий құтыларын жинап, өзара жарысқа түсті. Экологиялық шараға 30-дан астам адам қатысып, жалпы салмағы 200 келіден асатын құты мен жарамсыз батарейкалар жиналды. Жарыста ең үздік деп танылған 8 қатысушыға велосипед табысталды. Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл шара жастар арасында қайта өңдеу мәдениетін қалыптастырып, экологияға бейжай қарамауға үйретеді.
Наурызбек Бірмағамбетов, жоба ұйымдастырушысы:
Басты мақсатымыз – қоршаған ортаны таза ұстауға үндеп қана қоймай, қолданысқа жарамсыз қалдықтарды қайта өңдеуге болатынын көрсету. Бұл тек бір реттік акция ретінде өтпей, болашақта да өз жалғасын табады деп сенеміз.
Мәдина Нағашыбай
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Бельгия Қазақстанның антиядролық бастамаларын қолдайды
27.09.2025, 18:08

Тарихи матч: үлкен экрандағы ашық көрсетілім
27.09.2025, 18:05
Елордада кәсіподақтар экологиялық акцияға қатысты
27.09.2025, 18:04
Астанада журналистер арасында «Көш» ойынынан жарыс өтіп жатыр
27.09.2025, 18:02
Астанада «Асыл мұра» этнофестивалі өтті
27.09.2025, 17:59
СҚО-да ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтті
27.09.2025, 17:56
Алматыда New York Film Academy филиалы ашылды
27.09.2025, 17:49
Биыл Қызылорда облысының жастарына 100 пәтер беріледі
27.09.2025, 17:46