СҚО-да газ жарылып, бір адам қайтыс болды
Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы Ильичевка ауылындағы май зауытында газ жарылып, бір адам қайтыс болды.
Төтенше жағдай маусым айының соңында тіркелген еді. Жарылыстан 9 адам зардап шекті. Денесінің 70 пайызын күйік шалған көлік жүргізушісі ауруханада көз жұмды. Полиция департаментінің хабарлауынша 7 адам емделіп шықты. Ал 3-ші деңгейдегі күйік алған бір науқас әлі ауруханада жатыр. Мамандардың айтуынша жағдайы тұрақты. Естеріңізге сала кетсек, газгольдерге көгілдір отын құйып жатқан кезде шланг жарылып кетіп, от шыққан. Қызыл жалын 50 шаршы метр аумаққа таралды. Аталған дерекке қатысты қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүріп жатыр.
Марат Ахметбеков, СҚО ПД тергеу басқармасы бастығының орынбасары:
Алдын-ала мәлімет бойынша өрт қауіпсіздігін сақтамау – оттың шығуына себеп болған. Салдарынан газ-ауа қоспасы тұтанған. Кешенді сараптама жүріп жатыр.
Эльмира Кәленова
Автор
Эльмира Кәленова
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Бельгия Қазақстанның антиядролық бастамаларын қолдайды
27.09.2025, 18:08

Тарихи матч: үлкен экрандағы ашық көрсетілім
27.09.2025, 18:05
Елордада кәсіподақтар экологиялық акцияға қатысты
27.09.2025, 18:04
Астанада журналистер арасында «Көш» ойынынан жарыс өтіп жатыр
27.09.2025, 18:02
Астанада «Асыл мұра» этнофестивалі өтті
27.09.2025, 17:59
СҚО-да ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтті
27.09.2025, 17:56
Алматыда New York Film Academy филиалы ашылды
27.09.2025, 17:49
Биыл Қызылорда облысының жастарына 100 пәтер беріледі
27.09.2025, 17:46