«Жас ұстаз: табысқа апарар жол»: Астанада жас мамандарға арналған форум өтеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Жас ұстаз: табысқа апарар жол»: Астанада жас мамандарға арналған форум өтеді

29.07.2025
«Жас ұстаз: табысқа апарар жол»: Астанада жас мамандарға арналған форум өтеді

Шараға еліміздегі ауыл мектептерінің 300-ге жуығы жас мұғалімі қатысады. Оның аясында инклюзивті білім беру мен жасанды интеллектті оқу процесіне енгізу тақырыптарында әдістемелік алаңдар, воркшоптар, квесттер және шеберлік сабақтары өтеді. Сондай-ақ түрлі салада жетістікке жеткен жас көшбасшылармен мотивациялық кездесулер ұйымдастырылады.

Айта кетейік, форум Назарбаев Зияткерлік мектебінің Педагогикалық шеберлік орталығының бастамасымен 2022 жылдан бері өткізіліп келеді.

Бұдан бөлек, биыл 14 тамызда алғаш рет респубьликалық деңгейдегі мұғалімдер жиналысы ауылда өткізіледі. «Ауыл мектебі: тең мүмкіндіктер жолында» жиыны Қарағанды облысының Осакаров ауылында ұйымдастырылады. Оған 200-ге жуық ауыл мектебінің басшысы қатысады. Ал 4 000-нан астам мұғалім сессияларға онлайн форматта қосылады.



Хабарламаларға жазылу