Түркістан облысында жерасты жолы арқылы шетелге заңсыз жанармай сатқан - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы
Басты Жаңалықтар Түркістан облысында жерасты жолы арқылы шетелге заңсыз жанармай сатқан

Түркістан облысында жерасты жолы арқылы шетелге заңсыз жанармай сатқан

Түркістан облысында жерасты жолымен заңсыз жанармай тасымалдаған халықаралық қылмыстық топ әшкереленді. Олар Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы шекара астынан 450 метрлік тоннель қазып, логистикалық бағыт құрып алған. Қылмыстық схема екі ай бойы жұмыс істеп, шетелден қаржыландырылып отырған. Арнайы операцияны облыстық прокуратура, Қаржылық мониторинг агенттігі мен ҰҚК облыстық департаменттері өзбекстандық әріптестермен бірлесіп жүргізді. Тергеу нәтижесінде бес қазақстандық азамат күдікті ретінде танылып, іс сотқа жолданды.

Мәдина Нағашыбай

Бөлісу