Қостанайда науқас ұрған дәрігер Астанаға жеткізілді
Хирург Антон Кистановтың жағдайы ауыр болғандықтан, жергілікті дәрігерлер астаналық әріптестерімен кеңесе келіп, оны елордаға жеткізу туралы шешім қабылдаған. Естеріңізге сала кетейік, кеше операция жасап келген хирург науқастарды қабылдауды жалғастырмақ болғанда кезегін күтіп қалған азамат ашуға булығып, медицина қызметкерін ұрған. Есінен танған хирург жансақтау бөліміне түскен болатын.
Евгений Ковалев, Нейрохирургия бөлімінің меңгерушісі:
Науқастың жарақаты ауыр, шүйде сүйегі сынып, басына қан құйылған. Шұғыл көмек көрсетілген соң, телемедицинаның көмегімен кеңес алдық. Бүгін әріптесімізді Астана қаласындағы шұғыл медициналық көмек көрсету орталығына санитарлық авиация арқылы аттандырдық.
Мәдина Нағашыбай
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қытай көпполярлы әлем архитектурасына жақсылап кірісті ме?
07.09.2025, 21:08

Президент Қ.Тоқаевтың Қытай Халық Республикасына сапары қалай өтті?
07.09.2025, 20:38
Қайрат Қожамжаровқа қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды
07.09.2025, 20:34
Мектеп асханасына қандай стандарт енгізілді?
07.09.2025, 20:19
Талғардағы қылмыс: Әрекетсіздігі үшін полицейлердің үстінен іс қозғалды
07.09.2025, 20:13
Маңғыстауда ветеринарларға жаңа көліктер берілді
06.09.2025, 18:36
Ертең футбол: Бельгия-Қазақстан
06.09.2025, 18:33
Пара хоккейден Әлем чемпионаты басталды
06.09.2025, 18:30