ШҚО-да әуежайдың бұрынғы басшылары 157 млн теңге жымқырған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

ШҚО-да әуежайдың бұрынғы басшылары 157 млн теңге жымқырған

16.07.2025

«Өскемен әуежайы» АҚ-ның бұрынғы президенті мен өзге де лауазымды тұлғаларға қатысты тергеу аяқталды. Олар 5 жыл бойы еңбекақыны негізсіз көбейту, жалған сыйақылар мен жалған шарттар жасау арқылы жүйелі түрде ақша жымқырған. Сонымен қатар коммерциялық нысандар жеңілдетілген шарттармен жалға берілгені де анықталды. Оған қоса әуежайға тиесілі көлік құралдары бухгалтерлік есептен шығарылып, нарықтағы құнынан бірнеше есе арзанға сатылған. Осылайша, әуежайды басқарған лауазымды тұлғалар мемлекетке 157 миллион теңге залал келтірген. Олар қылмыстық жолмен жымқырған қаржыны кейін касса арқылы қолма-қол ақшаға айналдырған. Сот санкциясымен күдіктілердің 126 миллион теңге сомасындағы мүлкіне тыйым салынды. Күдіктілер қазір қамауда отыр.


Хабарламаларға жазылу