Энергетика министрлігі бірнеше цифрлық жобаны жүзеге асырып, жемқорлық тәуекелдерінің алдын алып жатыр. Мәселен, жанармай-энергетикалық кешенді басқарудың Бірыңғай мемлекеттік жүйесі құрылды. Осы арқылы жылу және электр жабдықтау нысандарын онлайн-бақылауға мүмкіндік бар. Сондай-ақ мұнай тасымалдауды жоспарлаудың автоматтандырылған жүйесі жасалды. Яғни, мұнай компаниялары өз қызметінің тиімділігін арттыру, шығындарды азайту және мұнай жеткізудің сенімділігін қамтамасыз ету мақсатында кеңінен қолданады. Министрлік платформаны одан әрі дамытуды, тіпті өңірлердегі апаттар мен энергия ресурстары тапшылығын болжау үшін жасанды интелектіні енгізуді жоспарлап отыр.
Еркебұлан Өмірзақ, ҚР Энергетика министрлігі «ҚР ОЭК ахуалдық-талдау орталығының» басқарушы директоры:
2025-2029 жылдар аралығында «Энергетика және коммуналдық секторды жаңғырту» ұлттық жобасын іске асыру аясында цифрландыруға ауқымды іс-шаралар қарастырылған. Ол жобалар ішінде атап өтсек: интеллектуалды есептеу жүйелерін енгізу, барлық табиғи монополия субъектілерін, кәсіпорындарды және тұрғын үй кешендерін электр және жылу энергиясын есепке алу жүйелерімен толық жабдықтау жоспарлануда.
Ақниет Балтанова
