Жәнібек Әлімханұлының келесі қарсыласы белгілі болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жәнібек Әлімханұлының келесі қарсыласы белгілі болды

15.07.2025

Дүниежүзілік бокс ұйымы британдық Дензел Бентли мен венесуэлалық Эндри Сааведра арасындағы жекпе-жектің келіссөздері басталғанын мәлімдеді. Бұл кездесудің жеңімпазы орта салмақта Әлем чемпионы, отандасымыз Жәнібек Әлімханұлымен жұдырықтасады. Бентли мен Сааведра арасындағы айқас алдағы айларда өтуі мүмкін. Бұл туралы Бүкіләлімдік бокс ұйымының президенті Густаво Оливьери хабарлады.

Айта кетейік, Жәнібек Әлімханұлы мен Дензел Бентли бұған дейін 2022 жылдың қарашасында жұдырықтасып, қазақстандық боксшы чемпиондық белдігін қорғап қалған еді. Егер Бентли титул үшін қайта айқасуға мүмкіндік алса, бұл оның Жәнібекпен реваншы болмақ. Ал Сааведра жеңіске жеткен жағдайда Qazaq style алғаш рет венесуэлалық нокаутшының бабын бағамдап көреді.

Нұрсұлтан Тілектес 

Хабарламаларға жазылу