Банктер қазақстандықтардың жеке шоттары туралы мәліметті Ұлттық банкке беруді бастайды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Банктер қазақстандықтардың жеке шоттары туралы мәліметті Ұлттық банкке беруді бастайды

30.06.2025

1 шілдеден бастап коммерциялық банктер, шетелдік банктердің филиалдары, Қазақстанның Даму Банкі және «Қазпошта» клиенттері туралы мәліметтерді Ұлттық банкке тұрақты түрде тапсырып отыруға міндеттеледі. Бұл талап биылғы 22 мамырда шыққан Ұлттық банктің №26 қаулысында көрсетілген. Ол жерде жеке немесе заңды тұлға туралы ақпарат, шоттағы операциялар, кіріс-шығыс туралы деректер беріледі. Бұл шаралар қаржылық операцияларды бақылау, күмәнді ақша айналымының алдын алу және банк жүйесінің ашықтығын арттыру мақсатында енгізіліп отыр.

Ернұр Медет


Хабарламаларға жазылу