Оралда автогаз тапшылығы туындады
Оралда автогаз тапшылығы туындады. Газ құю бекеттерінде ұзын-сонар кезек қалыптасты. Облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы хабарлағандай, бұған Павлодар мұнайхимия зауытының жоспарлы жөндеуге тұрып қалуы себеп болып отыр. Өйткені облыс сұйытылған газды жергілікті кен орнынан алады. Бірақ қалыптасқан жағдайға орай «ЖайықМұнай» зауытынан солтүстік өңірлерге де автогаз жіберіліп жатыр. Өңірге маусым айына 3 545 тонна көлік отыны бөлінген. Енді «ЖайықМұнай» зауытынан қосымша 324 тонна бөлгізу және Ақтөбе зауытынан 468 тонна сұйытылған газ жеткізу қарастырылған. Жағдай алдағы бір-екі күнде тұрақталады, деп хабарлады басқармадан.
Ардақ Мұратқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
ӘЧ: 2 боксшымыз финалда
13.09.2025, 17:41

Елордада Қызылорда өңірінің ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі ашылды
13.09.2025, 15:39
«Biken 3» халықаралық театр фестивалі басталды
13.09.2025, 15:33
Мерейлі отбасы – мемлекет тірегі
13.09.2025, 15:31
Астанада ұлттық құндылықтар ұлықталды
13.09.2025, 15:29
Шымкентте жасанды интеллектіге жол ашқан жаһандық форум өтті
13.09.2025, 15:27
Ақтауда үкіметтік емес ұйым өкілдерінің форумы өтіп жатыр
13.09.2025, 15:26
Жамбыл облысында ветеринариялық нысандардың тең жартысы талапқа сай емес
13.09.2025, 15:24