СІМ Индонезияда тұтқындалған 2 қазақстандыққа қатысты пікір білдірді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

СІМ Индонезияда тұтқындалған 2 қазақстандыққа қатысты пікір білдірді

26.06.2025

Индонезияда Қазақстанның екі азаматы өлім жазасына кесілуі мүмкін. Олар есірткіге байланысты қылмыс жасады деп күдікке ілініп отыр. Бұл туралы шетелдік басылымдар жазып жатыр. Ақпаратқа сай, күдіктілерден шамамен 49 грамм метамфетамин тәркіленген. Еліміздің Сыртқы істер министрлігінің ақпаратынша, Индонезияның құзырлы органдары қазір күдіктілерге қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Қазақстанның Джакартадағы Елшілігі тергеу органдарымен және күдіктілердің туыстарымен ұдайы байланыста және бұл жағдай қазақстандық дипломаттардың ерекше бақылауында.

Темірлан Нұрсолтанов


Хабарламаларға жазылу