Президент Судья және сот қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтады
Бүгін, яғни 24 маусым – Судья және сот қызметкерлері күні. Осыған орай Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев сала мамандарын кәсіби мерекемен құттықтады.
Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:
Қуатты әрі тәуелсіз сот жүйесі құқық үстемдігін қамтамасыз ету, сондай-ақ «Заң және тәртіп» қағидатын орнықтыру ісінде шешуші рөл атқарады. Сондықтан біз осы стратегиялық маңызы бар салада жүйелі түрде реформа жүргізіп келеміз. Сот ісі жетілдіріліп, басқару үдерістері оңтайландырылып, осы салаға цифрлық технологиялар енгізіліп жатыр. 1 шілдеден бастап қылмыстық, азаматтық және әкімшілік істер жөніндегі үш дербес кассациялық сот жұмыс істей бастайды. Бұл қадам азаматтардың және бизнестің өз құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға арналған институционалдық мүмкіндігін едәуір аттырады. Сот қызметкерлері мен ардагерлеріне қажырлы еңбегі мен өз кәсібіне адалдығы үшін шынайы ризашылығымды білдіремін.
Темірлан Нұрсолтан
Автор
Темірлан Нұрсолтан
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қытай көпполярлы әлем архитектурасына жақсылап кірісті ме?
07.09.2025, 21:08

Президент Қ.Тоқаевтың Қытай Халық Республикасына сапары қалай өтті?
07.09.2025, 20:38
Қайрат Қожамжаровқа қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды
07.09.2025, 20:34
Мектеп асханасына қандай стандарт енгізілді?
07.09.2025, 20:19
Талғардағы қылмыс: Әрекетсіздігі үшін полицейлердің үстінен іс қозғалды
07.09.2025, 20:13
Маңғыстауда ветеринарларға жаңа көліктер берілді
06.09.2025, 18:36
Ертең футбол: Бельгия-Қазақстан
06.09.2025, 18:33
Пара хоккейден Әлем чемпионаты басталды
06.09.2025, 18:30