Қытайлық инвестор Түркістан облысында зауыт ашады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қытайлық инвестор Түркістан облысында зауыт ашады

18.06.2025

Түркістанда құрғақ көкөніс өндіретін зауыт салынбақ. Премьер-Министр Олжас Бектенов қытайлық компания басшысы Ли Яньтаомен кездесті. Тараптар Түркістан облысында индустриалды парк салу және ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу бойынша ынтымақты талқылады. Зауыт жылына 50 мың тонна құрғақ көкөніс өндіреді. Инвестиция көлемі 90 млн доллар. 300 жаңа жұмыс орны ашылады. Келешекте өндіріс Жетісу мен солтүстік өңірлерде кеңейтіліп, ондағы өнім АҚШ пен Еуропаға экспортталмақ.

Ли Яньтао, Qingdao wanlin food co., ltd. компаниясы директорлар кеңесінің төрағасы:

Біз Қазақстан нарығына, көкөністерді терең өңдеу саласына инвестиция салу туралы шешім қабылдадық. Ол үшін Түркістан облысы таңдалды. Қазақстан мен Қытай арасындағы қатынастар барлық бағыт бойынша, оның ішінде экономика саласында да қарқынды дамып келеді. Қазақстанда ауыл шаруашылығы саласы дамыған, біздің компаниямыздың қайта өңдеу саласында үлкен тәжірибесі бар. Бұл серіктестікті тиімді жүзеге асыруға мүмкіндік береді деп санаймын.

Динара Бектенова

Хабарламаларға жазылу