Қостанай облысында ішімдіктің кесірінен қылмыс көбейген
Қостанай облысында соңғы 5 айда ішімдіктің кесірінен қылмыс 20 пайызға өскен. Заң бұзу деректерін азайту үшін полиция мен еріктілер сауда орындарында рейд жүргізді. Мақсат- 21 жасқа толмағандарға темекі мен алкоголь өнімдерін сатуға тыйым салынған заңның орындалуын бақылау.
Дүкенге келген 19 бен 20 жастағы еріктілердің көбінен сатушылар олардың құжатын көрсетуді талап етіп, сұрағандарын сатпай қойған. Алайда заң бұзған сатушылар жоқ емес.
Индира Нуруева, Полиция департаментінің аға инспекторы:
Жыл басынан бері 125-тен астам рейд жүргізілді. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодекстің 1-бөлігінің 200-бабы бойынша, яғни алкоголь өнімін сатқаны үшін 18-ден астам дерек анықталса, кодекстің 133-бабы темекі өнімдерін сату бойынша 1 дерек тіркелді.
Мәдина Нағашыбай
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
ӘЧ: 2 боксшымыз финалда
13.09.2025, 17:41

Елордада Қызылорда өңірінің ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі ашылды
13.09.2025, 15:39
Мерейлі отбасы – мемлекет тірегі
13.09.2025, 15:31
Астанада ұлттық құндылықтар ұлықталды
13.09.2025, 15:29
Шымкентте жасанды интеллектіге жол ашқан жаһандық форум өтті
13.09.2025, 15:27
Ақтауда үкіметтік емес ұйым өкілдерінің форумы өтіп жатыр
13.09.2025, 15:26
Жамбыл облысында ветеринариялық нысандардың тең жартысы талапқа сай емес
13.09.2025, 15:24
400 студент Венгрияда оқуға мүмкіндік алды
13.09.2025, 15:21