Қайтарылған активтер: Ақмола облысында екі медициналық мекеме ашылды
Ақмола облысында қайтарылған активтер есебінен салынған екі медициналық мекеме ашылды. Үкімет бұған арнайы мемлекеттік қордан 295 миллион теңге бөлді. Аршалы ауданына қарасты Арнасай ауылындағы амбулатория 2 мың науқасқа дейін қабылдай алады. Ал Бұланты ауданындағы жаңа медициналық пункт 1 мың адамға арналған. Екі мекемеде де физиотерапия, оңалтуға арналған замануи жабдықтар бар. Жуырда дәл осы облыста жемқорлардан қайтарылған қаржыға тағы 3 амбулатория мен 4 медициналық пункт ашылмақ. Оған арнайы қордан 1 млрд 700 мың теңге қарастырылған.
Аманғазы Сейіт, Арнасай ауылының тұрғыны:
Ауылымызда бұрын емдеу пункті кішкентай, нашарлау болатын. Ауыл болып қуанып жатырмыз. Мынадай үлкен ғимарат салып берді. Енді қаншама жұмыс орны ашылады.
Жанел Өтеулі
Автор
Жанел Өтеулі
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қытай көпполярлы әлем архитектурасына жақсылап кірісті ме?
07.09.2025, 21:08

Президент Қ.Тоқаевтың Қытай Халық Республикасына сапары қалай өтті?
07.09.2025, 20:38
Қайрат Қожамжаровқа қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды
07.09.2025, 20:34
Мектеп асханасына қандай стандарт енгізілді?
07.09.2025, 20:19
Талғардағы қылмыс: Әрекетсіздігі үшін полицейлердің үстінен іс қозғалды
07.09.2025, 20:13
Маңғыстауда ветеринарларға жаңа көліктер берілді
06.09.2025, 18:36
Ертең футбол: Бельгия-Қазақстан
06.09.2025, 18:33
Пара хоккейден Әлем чемпионаты басталды
06.09.2025, 18:30