Елімізде шетелдік ЖОО филиалдарының ашылуы білім сапасының артуына ықпал ете ме? - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елімізде шетелдік ЖОО филиалдарының ашылуы білім сапасының артуына ықпал ете ме?

01.06.2025

АҚШ федералды соты Д.Трамп әкімшілігінің Гарвард университетіне шетелдік студент қабылдатпау шешіміне уақытша тыйым салды. Қайталап айтамыз, тыйым уақытша, іс сотта бүге-шігесіне дейін талқылағанша.

Ақ үй Гарвард университетін «зорлықты, антисемитизмді қолпаштайды, Қытайдың компартиясымен үйлесімді тірлік қылады» деп айыптайды. Палестинаны жақтаған студенттердің тізімін бермей қойған Гарвард университеті Ақ үйді «айтқанымен жүріп-тұрмағанымыз үшін» саяси кек алумен айналысып отыр деп есептейді. 2024-25 оқу жылында Гарвард 6800 шетелдік студент қабылдаған. Ол барлық тәлім алушының 27 проценті.

«Болашақ» бағдарламасымен Гарвардта 7 азаматымыз білім алып жатыр: бесеуі магистрант, екеуі тағылымдамадан өтуші. Жоғары білім министрі С.Нұрбек олар үшін жағдай күрделі екенін айтты.

Гарвард университеті шетелдік студент қабылдауға рұқсат беретін сертификатынан айырылса, Гарвардпен деңгейлес басқа университеттерге ауыстыру жоспары да бар. Ауыстыру алгоритмі пысықталған. Бұл университеттердің барлығы «Болашақ» бағдарламасының серіктесі. Сондықтан бізде іс-қимылдың балама сценарийі бар, - деді Саясат Нұрбек.

Байқасаңыздар, елімізде шетелдік жоғары оқу орындарының филиалдары көп ашылып жатыр. Дәл қазір 23 университеттің филиалы жұмыс істейді екен. Иә мақсат жоғары оқу орындарындағы білім сапасын арттыру, мазмұн қосу екені сөзсіз.

Себебі көбінің деңгейі «жөткірініп қоятын жағдайда» екенін бәріміз білеміз. Бірақ тенденцияның сипаты қандай? «Мұзжарғыш» болмаса да, жоғары білім саласын фундаменталды өзгертуге ықпалдаса ма? Данияр Қайыртай сараптайды.


Хабарламаларға жазылу