«Ғасырлар пернесі»: оқушылар арасында байқау өтіп жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Ғасырлар пернесі»: оқушылар арасында байқау өтіп жатыр

30.05.2025

«Ғасырлар пернесі». Жақсылық Мұқановтың 80 жылдығына орай оқушылар арасында осындай атаумен байқау өтіп жатыр. 70-ке жуық жас өнерпаз түрлі аспапта ойнап, дәстүрлі әндерді шырқап, бақ сынауда. 7-14 жас аралығындағы жас таланттардың өнерін Қазақ ұлттық өнер университетінің ұстаздары, филармония ансамбльдерінің жетекшілері бағалайды. Байқау қорытындысы бүгін кешке жарияланады. Шараға Жақсылық Мұқановтың жары – өнердегі сенімді серігі Қарлығаш Мұқанова да арнайы келді. Жарының еңбегін ұлықтап жатқан шәкірттерге батасын берді.

Қарлығаш Мұқанова, Жақсылық Мұқановтың жары:

Жақсылық Мұқанов Ерейментау ауданының тумасы. Сол жерде музыка мектебі бар. Әрине ол кісі 35 жыл мұғалім болып, балаларға сабақ берді. Енді ол кісі сабақ берген оқушылар мен профессорлар осы жерде отыр. Мысалы, Айгүл Сағатова, Гүлмира Сайыр. 

Самал Қабышева

Хабарламаларға жазылу