Ұрланған жәдігерлер мемлекеттік қорға қайтарылды
Археологиялық қазба кезінде ұрланып, «қара нарықта» сатылып кеткен тарихи-мәдени жәдігерлер мемлекеттік қорға қайтарылды. Олардың ішінде сақ дәуіріне тиесілі 10 әшекей-бұйым мен 15 көне тиын бар. Тарихшы ғалымдардың айтуынша, заңсыз қазылған бұл жәдігерлерді «қара археологтар» қалталы азаматтарға сатқан. Мұны Бас прокуратура жанындағы Активтерді қайтару комитеті анықтап, барлығын Ұлттық музейге өткізді. Енді ғалымдар сол көне бұйымдардың бәріне зерттеу жүргізіп, олардың нақты қай кезеңде жасалғанын анықтайды. Қазір әшекейлердің арасындағы араб жазуы бар жүзік қазақ хандарының біріне тиесілі болуы мүмкін деген болжам бар.
Берік Әбдіғалиұлы, ҚР Ұлттық музей директоры:
Бұл нағыз Ұлттық мұраға қиянат жасау емес, бұл - ұрлық. Мұндай жағдай көбейіп кетті. Міне, әр жерге сатады. Ал ол тек қана заң жүзінде емес, бүкіл халық, сол жердегі ауыл, кішкентай балаға дейін заңсыз қазып жатқанын көріп жатса, Полиция департаменті бақылауға алса деп шырылдаймыз.
Жанел Өтеулі
Автор
Жанел Өтеулі
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қытай көпполярлы әлем архитектурасына жақсылап кірісті ме?
07.09.2025, 21:08

Президент Қ.Тоқаевтың Қытай Халық Республикасына сапары қалай өтті?
07.09.2025, 20:38
Қайрат Қожамжаровқа қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды
07.09.2025, 20:34
Мектеп асханасына қандай стандарт енгізілді?
07.09.2025, 20:19
Талғардағы қылмыс: Әрекетсіздігі үшін полицейлердің үстінен іс қозғалды
07.09.2025, 20:13
Маңғыстауда ветеринарларға жаңа көліктер берілді
06.09.2025, 18:36
Ертең футбол: Бельгия-Қазақстан
06.09.2025, 18:33
Пара хоккейден Әлем чемпионаты басталды
06.09.2025, 18:30