Соңғы 4 жылда 843 адам суға батып кеткен - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Соңғы 4 жылда 843 адам суға батып кеткен

23.05.2025

Елімізде соңғы 4 жылда 843 адам суға батып кеткен. Оның 260-ы бала. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігінің өкілдері хабарлады.

Ал 1 маусымнан шомылу маусымы басталады. Құтқарушылар балаларды қараусыз қалдырмауға, рұқсат етілмеген жерлерде және мас күйде шомылмауға, құтқару жилеттерін кию ережелелерін сақтауға шақырады. Министрлік өкілдерінің мәліметінше, елімізде 600-ден астам рұқсат етілген және 500-ге жуық шомылуға тыйым салынған су айдыны бар. Жыл басынан бері құтқарушылар БАҚ көздері мен әлеуметтік желілерде қауіпсіздік туралы 15 мыңға жуық бейнероликтер мен түрлі хабарландырулар жариялаған. Дегенмен әркім өз қауіпсіздігі үшін ең алдымен өзі жауапты, дейді мамандар.

Ақылбек Ахметжанов, ТЖМ Азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер комитеті төрағасының орынбасары:

Біз қанша ескерту, оқыту, алдын алу шараларын ұйымдастырғанымызбен, ең бірінші судан келетін қауіпке араша болатын адамның өзі екенін ұмытпаған жөн. Өздеріңіздің, балаларыңыздың және жақындарыңыздың қауіпсіздігі үшін судағы қарапайым ережелерді қатаң сақтау қажет. Тағы да ескерте кететін жағдай ҚР ҚК 364, 412, және 582-баптары бойынша судағы тәртіпті бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілік қарастырылған.

Нұрсұлтан Нұрсейіт

Хабарламаларға жазылу