Қуаныш Сұлтанов өзі талай жыл қызмет еткен Парламентте де сый-құрмет көрсетілді. Сенатта мерейтой иесіне арналған салтанатты іс-шара өтті. Әуелі ел президентінің құттықтау хатын Палата Төрағасы Мәулен Әшімбаев оқып берді. Онда «халық Қуаныш Сұлтановты көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, білікті дипломат, іскер азамат ретінде құрметтейтіні» атап өтілген. Ал сенат спикері өз сөзінде мерейтой иесінің ерен еңбегі мен үлгі-өнегесін баяндай келе, Қуаныш Сұлтановты тәлім алған ұстазым деп есептеймін деді. Сондай-ақ іс-шарада, сенаторлар кеңесінің мүшелері, әріптестері, замандастары және зиялы қауым өкілдері құттықтау айтып, қайраткерге ізгі лебіздерін жеткізді.
Азамат Бейбітұлы
