Су шаруашылығында 138 жоба іске асырылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Су шаруашылығында 138 жоба іске асырылады

12.05.2025

Елімізде келесі жылы су шаруашылығы бағытында 184 млрд теңге көлемінде 138 жобаны іске асыру жоспарланып отыр. Бұл туралы сала министрі Мәжілістегі Үкімет сағатында баяндады. Биыл бюджет қаражаты мен халықаралық қаржы ұйымдарының қаражаты есебінен 6 мыңнан астам шақырым канал қайта жаңғыртылып жатыр. Оның ішінде келесі жылы мың шақырымға жуық канал пайдалануға берілмек. Мәселен, Ақтөбе су қоймасы, Қызылорда су торабы, Шымкент қаласындағы Тоғыс су қоймасы күрделі жөндеуден өткізілуде. Жалпы алғанда 2021–2025 жылдар аралығында шамамен 7 мың шақырым ирригациялық канал жаңаланады.

Нұржан Нұржігітов, Су ресурстары және ирригация министрі:

2025 жылға жалпы сомасы 184 млрд теңгені құрайтын 138 жобаны іске асыру жоспарланып отыр. Аталған жобалардың 31-і еліміздің 9 облысында – Ақмола, Атырау, Алматы, Қызылорда, Түркістан, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Маңғыстау және Ұлытау облыстарында сумен жабдықтау нысандарын салу және қайта жаңарту бағыттарына арналған. Осы мақсаттарға биыл 71 млрд теңге бөлінді.

Азамат Бейбітұлы

Хабарламаларға жазылу