Президент қазақстандықтарды Жеңіс күнімен құттықтады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Президент қазақстандықтарды Жеңіс күнімен құттықтады

09.05.2025

Мемлекет басшысы қазақстандықтарды Ұлы Жеңістің 80 жылдығымен құттықтады. Қасым-Жомарт Тоқаев батырлардың ерлігін, тылда тер төккендердің еңбегін, соғыстың қайғы-қасіретін баяндай келе, майдангерлердің есімі мен ерлігі ешқашан ұмытылмайтынын айтты. Сол үшін ауқымды және тағылымды шаралар үнемі ұйымдастырылып жатыр. Мәселен, еліміз бойынша бес жүзге жуық көшені қаһарман ерлеріміздің атымен атау туралы шешім қабылданды. Ауқымды әскери шеру өтті. Мұның бәрі – зұлмат соғыстың зардабын халқымыз ешқашан жадынан шығармауы үшін қажет.

«Біз Жеңіс күнінде бейбіт өмірдің қадірін ұғынып, достық пен тыныштықтың маңыздылығын терең түсінеміз. Осы мызғымас құндылықтар әрдайым халқымыздың әл-ауқатын арттырудың және Қазақстанды тұрақты дамытудың берік негізі болып қала береді. Мен бұған кәміл сенемін»,-дей келе Президент қадірлі ардагерлер мен отандастарды Ұлы Жеңіс күнімен құттықтады.

Азамат Бейбітұлы 

Хабарламаларға жазылу