«Бейнеу-Бозой-Шымкент» газ құбырын тартудың 2-ші кезеңіне дайындық басталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Бейнеу-Бозой-Шымкент» газ құбырын тартудың 2-ші кезеңіне дайындық басталды

08.05.2025

Энергетика вице-министрі Әлібек Жамауов «Бейнеу-Бозой-Шымкент» магистральды газ құбырының екінші желісін салуға дайындық барысын пысықтады. Сапар барысында ол құрылыс-монтаж жұмыстарымен танысып, мердігер ұйымдардың өкілдерімен жұмыс кеңесін өткізді. Сондай-ақ логистика, техникамен қамтамасыз ету және жергілікті атқарушы органдармен үйлесімді жұмыс істеу жайы талқыланды. «Бейнеу-Бозой-Шымкент» газ құбырының құрылысы екі кезеңге бөлінген. Бұл жұмыстардың нәтижесінде газ құбырының өткізу қабілеті жылына 15 миллиард текше метрге дейін артады. Бұл еліміздің оңтүстік, орталық және солтүстік өңірлерін газбен тұрақты қамтуға мүмкіндік береді. 

Ғани Қалмахан

Хабарламаларға жазылу