ШҚО-да жол салып жатқан «Синьсинь» компаниясына 1 млрд 66 млн теңге айыппұл салынды
Шығыс Қазақстан облысында жол салып жатқан «Синьсинь» компаниясына 1 миллиард 66 миллион теңге айыппұл салынды. Мердігер мекеме жол құрылысына қажетті материалдарды қолдану кезінде құзырлы органдардан арнайы рұқсат құжатын алмаған. Асфальт бетонын шығаратын құрылғы мен тас ұсақтайтын кешенді заңсыз орнатқан. Экология департаментінің инспекторлары бұл заңсыздықты жоспардан тыс тексеріс кезінде анықтады. Ал мердігер компания өкілдері бастапқыда тағылған айыппен келіспей, қос құрылғыны қолданбағанын айтып, айыптан жалтармақ болған. Жолға қажет қиыршықтас пен құмды көрші учаскеден тасыдық деген уәж айтқан. Алайда есеп құжаттарында ол дәлел таппады.
Олжас Керейхан
Автор
Олжас Керейхан
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қытай көпполярлы әлем архитектурасына жақсылап кірісті ме?
07.09.2025, 21:08

Президент Қ.Тоқаевтың Қытай Халық Республикасына сапары қалай өтті?
07.09.2025, 20:38
Қайрат Қожамжаровқа қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды
07.09.2025, 20:34
Мектеп асханасына қандай стандарт енгізілді?
07.09.2025, 20:19
Талғардағы қылмыс: Әрекетсіздігі үшін полицейлердің үстінен іс қозғалды
07.09.2025, 20:13
Маңғыстауда ветеринарларға жаңа көліктер берілді
06.09.2025, 18:36
Ертең футбол: Бельгия-Қазақстан
06.09.2025, 18:33
Пара хоккейден Әлем чемпионаты басталды
06.09.2025, 18:30