«Өскемен –Рахман қайнары» бағытындағы бағытындағы жолдың бір жиегін су шайып кетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Өскемен –Рахман қайнары» бағытындағы бағытындағы жолдың бір жиегін су шайып кетті

16.04.2025

«Өскемен – Алтай – Үлкен Нарын – Катонқарағай – Рахман қайнары» бағытындағы жолдың бір жиегін өткен түнде су шайып кетті. Бұл - республикалық маңыздағы жолдың 57-шақырымы. Жағдай анықталған бойда көліктердің жүруі шектеліп, бірден қалпына келтіру жұмыстары басталды.

Қазір бұзылған жол бойында «ҚазАвтоЖол» Ұлттық компаниясы мен мердігер ұйымдардан 20-ға жуық ауыр техника жұмыс істеп жатыр. Қажетті тас пен топырақ Тереңсай асуын айналып өту үшін салынып жатқан жаңа жол учаскесінен тасымалдануда. Бүлінген жол бүгін кешке дейін жөнделіп, көлік қозғалысы қалпына келмек.

Олжас Керейхан


Хабарламаларға жазылу