Петропавлда қоқыс уақытында шығарылмайды
Петропавлда қоқыс уақытында шығарылмайды. Салдарынан көпқабатты үйлердің аулаларында кемірушілер пайда болған. Тұрғындардың айтуынша, қоқыс контейнерлері бірнеше күн бойы толып тұрады. Тұрмыстық қалдықтар жан-жаққа шашылып, айналаға жағымсыз иіс тарайды.
Сауалнама:
Үстінен толып тұрады, бәрі лақтыра салады, сыртынан. Сонда маңайы бәрі шашылады, жел болғанда.
Тариф көтерілгенімен, қызмет көрсету сапасы төмен. Мәселен біздің аулада 4 көпқабатты үй тұр. Талап бойынша 7 контейнер болуы керек. Екеуі жетіспейді. Сондықтан тез толып қалады.
Облыс орталығында тұрмыстық қалдықтарды шығарумен 5 компания айналысады. Қалалық әкімдік өкілдері қоқыс мәселесі жуық арада шешімін табатынын жеткізді.
Сергей Мелехов, қала әкімінің орынбасары:
Сәуірден қаланы көркейтуге бағытталған үш айлық басталды. Күн сайын сенбіліктер ұйымдастырылып жатыр. Олқылықтар барын жасырмаймыз, кейде медігер компаниялардың көліктері сынып, қоқыс уақытында шығарылмай қалады.
Эльмира Кәленова
Автор
Эльмира Кәленова
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қытай көпполярлы әлем архитектурасына жақсылап кірісті ме?
07.09.2025, 21:08

Президент Қ.Тоқаевтың Қытай Халық Республикасына сапары қалай өтті?
07.09.2025, 20:38
Қайрат Қожамжаровқа қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды
07.09.2025, 20:34
Мектеп асханасына қандай стандарт енгізілді?
07.09.2025, 20:19
Талғардағы қылмыс: Әрекетсіздігі үшін полицейлердің үстінен іс қозғалды
07.09.2025, 20:13
Маңғыстауда ветеринарларға жаңа көліктер берілді
06.09.2025, 18:36
Ертең футбол: Бельгия-Қазақстан
06.09.2025, 18:33
Пара хоккейден Әлем чемпионаты басталды
06.09.2025, 18:30