Зеленский: Ресейдің соғысты тоқтатуға ниеті жоқ
Украина президенті Владимир Зеленский:
Ресей ел аумағын кемелерден зымыранмен атқылады. Бұл оның теңізде атысты тоқтатуға ниеті жоқ екенін көрсетеді. Зеленскийдің айтуынша, Ресей жексенбіде Қара теңіздегі әскери кемелерден оқ атқан. Ал «Би-Би-Си»-дің мәліметінше, Ресей Қорғаныс министрлігі шабуыл әуе мен теңізден дәл тиетін қарумен жасалғанын растаған. Сауд Арабиясында бұған дейін өткен келіссөзден кейін Мәскеу мен Киев энергетика нысандарына шабуылды тоқтатуға келіскен еді. Алайда, кейін Ресей теңізде бітім болу үшін санкцияларды ішінара алып тастау қажет деген шарт қойды. Вашингтон бұл талапты орындаған жоқ.
Владимир Зеленский, Украина президенті:
Ресей дипломатияны бұрмалап, соғысты тоқтатқысы келмейді. Қақтығысты кез келген сәтте күшейту үшін мүмкіндікті сақтап қалғысы келеді. Сол себепті оған қысымды арттыру, қорғаныс қабілетімізді күшейту және санкцияларды сақтау қажет.
Арай Төлегенқызы
Автор
Арай Төлегенқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Мәжілісте ең төменгі жалақыны белгілеу туралы заң қаралды
10.09.2025, 20:33

Непал қалаларындағы тәртіпті әскерилер қадағалап жүр
10.09.2025, 20:29
Әлем елдері Израильдің шабуылын сынға алды
10.09.2025, 20:27
Дохада 1500 қазақстандық бар
10.09.2025, 20:20
Конго Президенті Қазақстанға мемлекеттік сапармен келді
10.09.2025, 20:18
Заңғар Нұрланұлы әлемдегі үздік 25 теннисшінің қатарына енді
10.09.2025, 18:32
«Барыс» екінші ойында да жеңді
10.09.2025, 18:18
ӘЧ: Кешкі сессияда 7 боксшымыз шығады
10.09.2025, 18:16