Басты Жаңалықтар Мәжілісте ең төменгі жалақыны белгілеу туралы заң қаралды

Мәжілісте ең төменгі жалақыны белгілеу туралы заң қаралды

Бүгін Мәжілісте «Ең төменгі жалақыны белгілеу туралы» заң қабылданды. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова баяндама жасап, нақты деректерді келтірді. 

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпованың сөзінше, бүгінде елімізде 780 мың адамның жалақысы 85 мың теңгеден әрі  аспайды. Бірақ мұның астарында жұмыс берушілердің  айласы да жатыр, деді министр.

Светлана Жақыпова, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі: 

Талдау жүргізгенде ірі кәсіпорындар салықтан кету үшін атаулы жарналар, атаулы төлемдерді республикалық бюджеттке аударымдардың төлемдерін азайту үшін 85 мың теңге төлеп, басқасын конвертпен беретіні бәріңізге мәлім.

Бүгін Мәжілісте Ең төменгі жалақыны белгілеу, қайта қарау, экономикалық факторлар мен жұмыскерлердің қажеттіліктерін ескеру сынды маңызды мәселелер қамтылған Халықаралық еңбек ұйымының конвенциясы ратификацияланды.

Жұлдыз Сүлейменова, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

Аталған ратификацияны қабылдау, еңбек адамдарының мүддесін қорғау қажет деп санаймын. Ратификация қабылданғанан кейін Қазақстан бір жылдан кейін осы ратификацияның орындалуы туралы есеп жолдайды. Ол жерде ең төменгі жалақы алмайтын адамдардың санатын атап, көрсету қажет.

Депутат сұрағына министр жауапты қысқа қайырды.

Светлана Жақыпова, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі:

Ең төменгі жалақы төленетін санаттарға біліктілігі төмен, біліктілігі жоқ, еңбек құны, саны мен сапасы аз жұмыстарда жұмыс істейтін азаматтардың ең төменгі жалақы алатын немесе төмен.

Ең төменгі жалақы 2029 жылға дейін 85 мың теңге көлемінде қалады деп жоспарлануда.

Самал Қабышева, тілші:

Мәжілісте депутаттар көтерген сауалдардың ішінде ет мәселесі де бар. Осы тұрғыда депутат Жигули Дайрабаев өзінің депутаттық сауалын Премьер-министр Олжас Бектеновке жолдады. Яғни, сиыр етінің келісі 5000 теңгеден асатынын,  қымбатшылықты алға тартқан депутат мәселені шешу үшін нақты ұсыныстарын жеткізді. Біріншіден, ішкі нарықты реттеп, делдалдар мен алыпсатарлардың әрекетін шектеу керек, деді депутат Жигули Дайрабаев.


Бөлісу