Басты Жаңалықтар Непал қалаларындағы тәртіпті әскерилер қадағалап жүр

Непал қалаларындағы тәртіпті әскерилер қадағалап жүр

Ал Непал астанасы мен елдің ірі қалаларындағы тәртіп әскерилердің қадағалауына өтті. Мұнда екі күндік шеруден кейін коменданттық сағат енгізілді. Көшелерге әскери техника шығарылған. Қарулы солдаттар парламент ғимаратын да күзетіп жүр. Непалда тәртіпсіздіктерге үкіметтің тіркелмеген мессенджерлер мен әлеуметтік желілердің жұмысын шектеу туралы шешімі себеп болған. Катманду және елдің өзге де қалаларының көшелеріне мыңдаған жас шықты. Шеру полициямен қақтығысқа ұласып, 20-дан астам адам қаза тапты. 500-ден астамы жараланған. Демонстранттар мемлекеттік мекемелер мен саясаткерлердің үйлеріне өрт қойды. Шабуылдар ушыққан соң Непал билігі жастардың талабына құлақ асып, әлеуметтік желілерге шектеуді алып тастады. Қоғамның қысымымен премьер-министр отставкаға кетуге мәжбүр болды.


Бөлісу