Басты Жаңалықтар «Барыс» екінші ойында да жеңді

«Барыс» екінші ойында да жеңді

Қазақстандық «Барыс» командасы құрлықтық хоккей лигасында Ресейдің «Амур» командасына қарсы ойын өткізді. Негізгі кезеңде командалар 3:3 есебімен тең ойнап, овертаймда да жеңімпаз анықталған жоқ. Ең соңында буллиттен елордалық клуб жеңіске жетті. Енді құрлықтық хоккей лигасының аясындағы Барыстың келесі ойыны Астанада 13 қыркүйекте өтеді. Қарсылас – Беларусьтің «Динамо» командасы. Бұған дейін «Барыс» «Трактордан» овертаймда басым түскен болатын.


Азамат Бейбітұлы

Бөлісу