Қарағанды облысында баламасы жоқ байлық көзі табылды
Қарағанды облысында баламасы жоқ байлық көзі табылды. Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің дерегінше, Қарқаралы ауданы маңында орналасқан Құйрықтыкөл учаскесінде геологтер барлау жұмысын жүргізді. Нәтижесінде 300 метр тереңдіктен сирек металдардың барын анықтаған. Церий, лантан, неодим және иттрий пайдалы компоненттер қоры – шамамен 20 млн тоннадан асады. Мамандар «Құйрықтыкөл учаскесін - баламасы жоқ, бірегей мекен» деп бағалады. Өйткені мұндай сирек металл табылған нысан әлемде санаулы ғана. Сондықтан бұл қазба жұмыстары елде жаңа өнеркәсіпке бастама болуы мүмкін деді.
Марғұлан Байбатыров, ҚР ӨҚМ Геология комитеті төрағасының орынбасары:
Әлі зерттелу керек. Өндірістік, өнеркәсіптік, технологиялық сараптамаларды жүргізіп, жаңағы пайдалы компоненттерді технологиялық алуды әлі зерделеу керек. Зерттеу нәтижесі оң болса, бұл біздің экономикамыз жаңа сатыға дамуына және сирек кездесетін жер металдарын дамуына үлкен үлесін қосады.
Динара Жарқынбек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Елордада Қызылорда өңірінің ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі ашылды
13.09.2025, 15:39

«Biken 3» халықаралық театр фестивалі басталды
13.09.2025, 15:33
Мерейлі отбасы – мемлекет тірегі
13.09.2025, 15:31
Астанада ұлттық құндылықтар ұлықталды
13.09.2025, 15:29
Шымкентте жасанды интеллектіге жол ашқан жаһандық форум өтті
13.09.2025, 15:27
Ақтауда үкіметтік емес ұйым өкілдерінің форумы өтіп жатыр
13.09.2025, 15:26
Жамбыл облысында ветеринариялық нысандардың тең жартысы талапқа сай емес
13.09.2025, 15:24
400 студент Венгрияда оқуға мүмкіндік алды
13.09.2025, 15:21