Комплаенс қызметінің арқасында 1,3 млрд ₸ үнемделді
Комплаенс офицерлердің арқасында былтыр Астанада 60-тан аса сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған. Дені мемлекеттік сатып алу ісіне байланысты. Қызметкерлер қажетті затты нарықтағы бағадан 2-3 есе қымбатқа сатып алмақ болған. Комплаенс қызметкерлері осы бұзушылықтардың алдын алып, қазынаның 1,3 миллиард теңгесін үнемдеді. Бұл туралы бүгін мамандардың жұмысын жетілдіруге арналған семинарда айтылды. Шараға елдің түкпір-түкпірінен 200-ге жуық адам онлайн және оффлайн форматта қатысты. Семинарда жең ұшынан жалғасқан жемқорлықты жоюдың озық әдістері мен тың тәсілдері түсіндірілді.
Диас Қозыбаев, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің қала бойынша департаменті басқарма басшысының орынбасары:
Оның басты мақсаты – квазимемлекеттік секторда сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және жою. Ішкі анализдер өткізу, сыбайлас жемқорлыққа қатысты мәдениетті қалыптастыру аясында көптеген іс-шаралар жүргізеді.
Ернұр Медет
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Елордада Қызылорда өңірінің ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі ашылды
13.09.2025, 15:39

«Biken 3» халықаралық театр фестивалі басталды
13.09.2025, 15:33
Мерейлі отбасы – мемлекет тірегі
13.09.2025, 15:31
Астанада ұлттық құндылықтар ұлықталды
13.09.2025, 15:29
Шымкентте жасанды интеллектіге жол ашқан жаһандық форум өтті
13.09.2025, 15:27
Ақтауда үкіметтік емес ұйым өкілдерінің форумы өтіп жатыр
13.09.2025, 15:26
Жамбыл облысында ветеринариялық нысандардың тең жартысы талапқа сай емес
13.09.2025, 15:24
400 студент Венгрияда оқуға мүмкіндік алды
13.09.2025, 15:21