Елдегі су қоймаларына 1,7 млрд текше метр су жиналды
Елдегі су қоймаларына 1,7 млрд текше метр су жиналды. Бұл туралы Су ресурстары және ирригация министрлігінің ресми өкілі Мөлдір Әбдуалиева хабарлады. Республиканың солтүстігіндегі ірі су қоймалары орта есеппен 81%–ға, оңтүстігінде 83%–ға, батысында 59%, ал шығысында 84%-ға артып, орталықта 79%-ға толған. Жиналған тасқын су өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы қажеттіліктеріне және мал шаруашылығына қажет жемшөп үшін пайдаланылмақ. Сондай-ақ табиғи апаттың алдын алу үшін елдегі гидротехникалық құрылыстар жөнделіп, каналдарды тазарту және жағалауды нығайту шаралары жүргізілген.
Мөлдір Әбдуалиева, ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігінің ресми өкілі:
Министрлік қызметкерлері Ресей, Қытай, Қырғызстан және Өзбекстанмен су тасқыны туралы үнемі ақпарат алмасып отыр. Ресеймен күн сайын тасқын суды өткізу, гидроқұрылыстар мен су объектілерінің жай-күйі туралы ақпарат алмасатын Қазақстан-Ресей жұмыс тобы бар. Тараптар су тасқыны аяқталғанға дейін дерек алмасады.
Динара Жарқынбек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Елордада Қызылорда өңірінің ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі ашылды
13.09.2025, 15:39

«Biken 3» халықаралық театр фестивалі басталды
13.09.2025, 15:33
Мерейлі отбасы – мемлекет тірегі
13.09.2025, 15:31
Астанада ұлттық құндылықтар ұлықталды
13.09.2025, 15:29
Шымкентте жасанды интеллектіге жол ашқан жаһандық форум өтті
13.09.2025, 15:27
Ақтауда үкіметтік емес ұйым өкілдерінің форумы өтіп жатыр
13.09.2025, 15:26
Жамбыл облысында ветеринариялық нысандардың тең жартысы талапқа сай емес
13.09.2025, 15:24
400 студент Венгрияда оқуға мүмкіндік алды
13.09.2025, 15:21