Екібастұзда 9 мың балаға арналған шығармашылық орталық ашылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Екібастұзда 9 мың балаға арналған шығармашылық орталық ашылды

28.03.2025

Президент тапсырмасымен Екібастұзда 9 мыңнан астам жас талантқа арналған шығармашылық орталық ашылды. Оның ішінде ерекше қажеттіліктері бар балаларға да жағдай жасалған. 50-ден астам білікті педагог жұмыс істейтін орталық қала балаларының 70% қосымша біліммен қамтиды. Мұнда 275 орындық көрермен залы да бар. Оқушыларға би, театр, музыка, дебат, медиа, fashion-дизайн, биология, IT технологиялар және робототехника бағыттары бойынша сабақтар өтеді. Сонымен қатар психологиялық-педагогикалық қолдау кабинеттері, спорт аймақтары мен жаттығу залы қарастырылған.

Ришат Әміренов, Екібастұз қаласының тұрғыны:

Осыдан екі жыл бұрын Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев келгенде осы халықтың арасынан балаларға осындай бір орталық ашылса деп ұсыныс жасағанбыз. Міне екі жылдың ішінде пайдалануға беріліп отыр. Біздің еліміздің болашағы осы жастар, балалар. Балаларға осындай жағдай жасалғанына біз өте қуаныштымыз.

Серік Жұмабек

Хабарламаларға жазылу