Құмар ойынға әуес мемлекеттік қызметкерлер автоматты түрде анықталады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Құмар ойынға әуес мемлекеттік қызметкерлер автоматты түрде анықталады

19.03.2025

Бұдан былай құмар ойынға бәс тігетін мемлекеттік қызметкерлер арнайы жүйе арқылы анықталады. Ол 3-4 айдың ішінде іске қосылады. Бұл туралы Сенатта өткен баспасөз мәслихатында Туризм және спорт вице-министрі Ержан Еркінбаев айтты. Сондай-ақ министрліктің дерегінше, елімізде құмар ойынды жүйелі түрде ойнайтын 350 мың адам бар. Былтыр ойын бизнесіне қатысты заңға енген өзгерістер нәтижесінде, құмар ойындар аудиториясы азайған.

Ержан Еркінбаев, ҚР Туризм және спорт министрінің орынбасары:

Құмар ойынының аудиториясы қысқарды. Қарызы бар адамның материалдық жағдайын науырлатпас үшін борышкерлердің бірыңғай тізіміндегі 3 млн-ға жуық азамат құмар ойыннан шеттетілді. Букмекерлермен бірлесіп тізімдегі 15 мыңға жуық адамның аккаунты жабылды.

Осы заң аясында қазақстандықтар өзін 10 жылға дейін құмар ойындардан шектей алатынын еске салайық.

Ал енді қолданысқа енетін Бірыңғай есепке алу жүйесі 21 жасқа дейінгі азаматтарды, ойыннан өзін-өзі шектегендер мен қарызы барларды автоматты түрде бәс тігу мүмкіндігін шектейді. Бұдан бөлек ол букмекерлік кеңселердің қаржы айналымын бақылауға қауқарлы.

Серік Жұмабек


Хабарламаларға жазылу