Қызылорда облысында кәсіпкерлер мемлекеттен 500 млн ₸ заңсыз алған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қызылорда облысында кәсіпкерлер мемлекеттен 500 млн ₸ заңсыз алған

19.03.2025

Қызылорда облысында арт-спорт үйірмелері 500 миллион теңге көлемінде мемлекет қаржысын заңсыз алған. Прокурорлық тексеріс барысында кәсіпкерлер бала санын көбейтіп, жалған құжат әзірлегені анықталды.

Аймақта балалар мен жасөспірімдердің шығармашылығын дамытуға арналған 300-ден аса жеке ұйым бар. Оларға үш жылда бюджеттен 11,6 миллиард теңге қаралған. Алайда кәсіпкерлер түрлі айла-тәсілге салып, 2762 баланы артығымен көрсетіп, заңсыз қаржы алып келген. Ең сорақысы, Жалағаш ауданында қайтыс болған баланы таэквондо секциясына тіркегені анықталса, ал тірек-қимыл жүйесі бұзылған мүгедек баланы заманауи би үйірмесіне жазып қойған. Өрескел заң бұзушылыққа барғандардан мемлекет қаржысы қайта өндіріліп жатыр.

Ризабек Ожаров, Қызылорда облысының прокуроры:

Нәтижесінде бірнеше қылмыстық іс тіркелген. Қазіргі таңда 500 миллион теңге тиімсіз жұмсалған қаражаттар анықталып отыр. Оның ішінде 95 миллионы қазіргі таңда қайтарылды мемлекетке. Жұмыс жалғастырылуда.

Әділбек Серікұлы

Хабарламаларға жазылу