Алматыда «Ұлы даланың ұлттық дәстүрлері» халықаралық ғылыми форумы өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда «Ұлы даланың ұлттық дәстүрлері» халықаралық ғылыми форумы өтті

14.03.2025

Түркітілдес халықтардың этникалық тарихы мен мәдени мұрасын насихаттау – рухани құндылықтарды нығайтудың төте жолы. Бүгін Алматыда «Ұлы даланың ұлттық дәстүрлері» халықаралық ғылыми форумына жиналған ғалымдар осылай деді. Жиынға Түркия, Иран, Қырғызстан елдерінен тарихшылар мен этнографтар қатысып, Наурыз мерекесінің тарихын зерттеу-зерделеуге қатысты пікірін білдірді. Отырыста түркітілдес халықтардың байланысын арттыру үшін бірыңғай алаң құру туралы ұсыныс айтылды. Сондай-ақ форум аясында Мемлекеттік Орталық музейінің қорынан алынған этнографиялық коллекциялардан, қолөнершілер мен этнодизайнерлердің авторлық туындыларынан тұратын «Шеберлер алаңы» көрмесі де көпшілікке ұсынылды.

Рүстембек Шойбеков, филология ғылымдарының докторы, этнограф:

Ұлттық кодымыз, яғни, ата-бабамыз дәстүрін, дәстүрден қол үзген қалай болады? Қол үзуге болмайды. Мыңдаған жылдар бойы сақталып келген, елді ұйыстырып, ынтымағын арттырып, береке-бірлігін дамытып, кешірімділікпен қарап, жаңа күнге жаңа қадам басып келе жатқан осындай насихаттайтын дәсүрлерді жоғалтпай, ары қарай дамытып, тереңдете түсу керек.

Жазира Оразқызы

Хабарламаларға жазылу