Оңтүстікте жер сілкінді. Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, жер сілкінісінің ошағы Түркістан облысы Келес ауданы Абай ауылынан 16 шақырым қашықтықта тіркелген. Сейсмологтар табиғи құбылысты таңғы 6:15-те тіркеген. Есептік қарқындылығы бойынша, Абай ауылында 3.0 балл, Сарыағаш ауданының Сарыағаш қаласында 3.0 балл. Зардап шеккендер мен қираған ғимараттар туралы туралы мәлімет түскен жоқ.
Динара Жарқынбек
