Қарағанды облысында 80-ге жуық ұсақ мал қырылып қалған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қарағанды облысында 80-ге жуық ұсақ мал қырылып қалған

11.03.2025

Қарағанды облысы Қарқаралы ауданындағы шаруашылықта қырылған малдың саны 80-ге жуықтады. Осыдан бірнеше күн бұрын қожалықтың карантинге жабылғанын айтқанбыз. Шектеу шаралары әлі жалғасуда. Облыстық ветеринариялық инспекция мамандары малдың өлексесінен сынама алып, инфекция барын анықтады. Алайда қожалық иесі дер кезінде хабар бермегендіктен, өлген малдың барлығына зерттеу жүргізілмеген көрінеді. Сондай-ақ Ақтоғай ауданында бірнеше үйдің жылқысы қырылған. Малдың неден өлгені әзірге белгісіз. Мамандар сынама алып, қанша бас шығын болғанын анықтап жатыр.

Дархан Иманбаев, облыстық аумақтық ветеринарлық инспекцияның бөлім басшысы:

Малдардың арасында өлім-жітімін ескертпеген. Соның барлығын ескере отырып Қарқаралы аудандық инспекция тарапынан тексеріс тағайындалды. Бүгінгі күннен тексеріс жүргізілуде. Тексеріс қорытындысы бойынша жауаптыларға әкімшілік жаза қолданылады. Ақтоғай ауданында жылқылардың өлімі бойынша, аса қауіпті ауруларға потологиялық материал алынбағанымен, бес жылқыдан сынамалар алынды. Бүгінгі күні облыстық зертхана зерттеуінде. 


Хабарламаларға жазылу