БҰҰ Қазақстандағы агросаланы дамытуға мүдделі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

БҰҰ Қазақстандағы агросаланы дамытуға мүдделі

06.03.2025

Біріккен Ұлттар Ұйымы Қазақстанның ауыл шаруашылық саласын дамытуға мүдделі. Астанада Ауыл шаруашылық министрлігі мен БҰҰ Азық-түлік және ауыл шарушылығы ұйымы өкілдері бас қосты. Тараптар агросаладағы өзекті мәселер мен бірлесе атқаратын жұмыстарды талқылады. Министрлік өткен жылы ФАО қорына 1,93 миллион доллар көлемінде алғашқы жарнасын құйған. Бөлінген қаражат «Тұқым сұрыптары» және «Деградацияға ұшыраған жерлерді қалпына келтіру және тиімді пайдалану технологиялары» атты екі маңызды стратегиялық жобаға бағытталды. Серіктестік аясында қазір тұқым шаруашылығы мен жердің тозуына қатысты бірқатар бастама жүзеге асырыла бастады.

Виорел Гуцу, FAO Бас директорының орынбасары, Еуропа және Орталық Азия бойынша өңірлік өкілі:

Қазақстан ауыл шаруашылығына инновациялық технологияларды белсенді түрде енгізуде. Қаржыландыру мен инвестицияға қолжетімділікті жақсартуда. ФАО – Қазақстан әріптестік бағдарламасы азық-түлік қауіпсіздігін жақсартуға, агробизнесті цифрландыруға, ресурстарды тұрақты басқаруға және экспорттық әлеуетті дамытуға бағытталған.

Динара Жарқынбек

Хабарламаларға жазылу