«Қызылорда-Жезқазған» автожолы құрылысындағы жүргізушілердің 900 млн теңге берешегі өтеледі
«Қызылорда-Жезқазған» автожолының құрылысында жүрген жүк көлік жүргізушілерінің еңбекақысы толық өтелетін болды. Оларға үш айдан бері атқарған жұмысына ақша төленбей келгенін кеше айтқан едік.
Күре жолды салып жатқан қытайлық компания жол құрылыс материалдарын тасымалдаушыларға 900 млн теңгеден астам берешегі бары анықталды. Тапсырыс беруші мен жол салушы мекеме өкілдері қалыптасқан жағдайды жан-жақты қарап, мәселе шешімін тауып отыр. Яғни мердігердің өткен жылы атқарған жұмыстарының әлі төленбеген ақшасы бірінші кезекте қордаланған қарызды жабуға жұмсалады.
Ерсайын Мұзафар, «Қазавтожол» АҚ облыстық филиалы директорының орынбасары:
Қазіргі уақытта осы қабылдай алатын жұмыстың құны бізге белгілі болды. Осы 2-3 күннің шамасында жұмыстарының құжаттары толық рәсімделіп, төлемге жіберіледі. Осы айдың аяғына дейін орындаған жұмыстарының ақшасы түседі. Сол ақшаның есебінен солардың қарызын толықтай өтейтін болады.
Әділбек Серікұлы
Автор
Әділбек Серікұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қытай көпполярлы әлем архитектурасына жақсылап кірісті ме?
07.09.2025, 21:08
Президент Қ.Тоқаевтың Қытай Халық Республикасына сапары қалай өтті?
07.09.2025, 20:38
Қайрат Қожамжаровқа қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды
07.09.2025, 20:34
Мектеп асханасына қандай стандарт енгізілді?
07.09.2025, 20:19
Талғардағы қылмыс: Әрекетсіздігі үшін полицейлердің үстінен іс қозғалды
07.09.2025, 20:13
Маңғыстауда ветеринарларға жаңа көліктер берілді
06.09.2025, 18:36
Ертең футбол: Бельгия-Қазақстан
06.09.2025, 18:33
Пара хоккейден Әлем чемпионаты басталды
06.09.2025, 18:30