«Қиын-қыстау кезде өзгені өгейсінбей, бауырына басқан қазақ халқына алғыс айтамыз», - дейді Ресейде тұрып жатқан өзге ұлт өкілдері. Өзін Алтынбаймын деп таныстыратын композитор Александр Чесноков қазір басқа елде тұрса да Қазақстанға деген сағынышын білдіріп, қазақ халқына деген махаббатын жеткізді.
Александр Чесновоктың әкесі тағдырдың жазуымен Қазақстанға жер аударылып, қалып қойған. Жат жерде жалғызсырамай, қазақ халқының жақсылығын көп көріпті. Қазір Александр Ресейдің Свердлов облысында тұрады, қазақ әндерін жазып жүр.
Александр Чесноков, композитор:
Ең алдымен кең пейілді, мейірбан қазақ халқына алғыс айтқым келеді. Әкем кезінде өміріңнің соңына дейін біз жақсылық көрген қазақ халқын өзіңнің өлең-жырларыңа арқау ет, қазақ халқының жақсылығын паш етіп, айтып жүр деп кетті. Ашаршылық кезінде орыстарды өзектен теппеді, киіз үйлеріне кіргізіп, соңғы нанымен бөлісті. Сондықтан мен тек қазақ музыкасын жазбай, өзімді бәріне Алтынбай Сарымсақовпын деп таныстырамын. Мен орыс ұлтының өкілі болсам да, жаным қазақ.
Валерий Важнецкий, Санкт-Петербург қаласының тұрғыны:
Біз Отанымыздан алыста жүрсек те Санкт-Петербург қаласында үнемі бас қосамыз, елімізді ұмытпаймыз. Өз туған жерімізге, халқына ерекше құрметпен қараймыз.
Ирина Урусова, Свердлов облысының тұрғыны:
Жалпы мен қазақ халқынан көп жақсылық көрдім. Өзімді бөтен елде жүрмін деп сезінген емеспін. Қазақтар өздерінде аз болса да, соңғы нанын бөліп береді ғой. Сол жақсылықты ұмыту мүмкін емес, ұмыта алмаймын да. Барша қазақ халқына алғыс айтамын.
Татьяна Сармолова, мұғалім:
Қонақжай қазақ халқы менің жүрегімнің түкпірінен орын алған. Үнемі қызығамын. Мейірбан, күлімдеп тұрады. Жан мен тән сұлулығы үлескен халықтың бірегейі. Қашан барсақ та, жылы қабақ танытады. Сондықтан барша қазақ халқын алғыс айту күнімен құттықтаймын. Береке, бірлік, денсаулық тілеймін. Қазақ халқына деген жылы лебізім толастар емес. Қазақстан деген шаттық пен береке толған үйде қазақ деген ұлы халық бар. Бізді ешқашан шеттетпеді. Біздің де сіздерге деген махаббатымыз ұшан-теңіз. Сондықтан біз орыс мектептерінде қобыз, домбыра сияқты ұл аспаптарын оқушыларға үйретуді жөн көрдік.
