Қызылордада жеке балабақшалардың қаржы мәселесі шешілді
Қызылорда қаласында мемлекеттік қаржыландыру тоқтатылған 81 жеке балабақша жұмысын жалғастыратын болды. Ұлттық арна көтерген мәселе оң шешімін тауып, бүгінде бөбекжайларға бюджеттен қаржы бөліне бастады.
Бұған дейін қаладағы мектепке дейінгі 81 жеке ұйым бала басына берілетін қаржы көзінен негізсіз қағылған болатын. Соның ішінде 5 мыңға жуық халқы бар қала іргесіндегі «Сабалабақ» саяжайындағы жалғыз балабақша да бар. Бұл мәселе Ұлттық арнадан көрсетіліп, құзырлы органдар тексеру жүргізді. Нәтижесінде барлық бөбекжайдың құжаты нақтыланып, комиссия шешімін өзгертті.
Наталья Мишукова, Қазақстанның үздіксіз білім беру қауымдастығының облыс бойынша филиал директоры:
Білім басқармасының шығарған бұйрығы жойылғаны туралы айтылды. Бұл жерде жалғыз 81 кәсіпкердің тағдыры емес. Оның ар жағында тұрған қаншама жұмыс істейтіндердің тағдыры, сол балабақшаларға барып жүрген бүлдіршіндердің тағдыры тұр.
Әділбек Серікұлы
Автор
Әділбек Серікұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қытай көпполярлы әлем архитектурасына жақсылап кірісті ме?
07.09.2025, 21:08

Президент Қ.Тоқаевтың Қытай Халық Республикасына сапары қалай өтті?
07.09.2025, 20:38
Қайрат Қожамжаровқа қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды
07.09.2025, 20:34
Мектеп асханасына қандай стандарт енгізілді?
07.09.2025, 20:19
Талғардағы қылмыс: Әрекетсіздігі үшін полицейлердің үстінен іс қозғалды
07.09.2025, 20:13
Маңғыстауда ветеринарларға жаңа көліктер берілді
06.09.2025, 18:36
Ертең футбол: Бельгия-Қазақстан
06.09.2025, 18:33
Пара хоккейден Әлем чемпионаты басталды
06.09.2025, 18:30