Алматыда ірі қойма өртенді
Алматыда Әуезов ауданы Өтеген батыр көшесі бойындағы қоймадан шыққан алапат өрт сөндірілді. Қызыл жалын 3 мың шаршы метр аумақты шарпыған.
Ернұр Медет, тілші:
Қала аспанын торлаған қара түтін ақырындап сейіле бастады. Дәл қазір тілсіз жауды тоқтату үшін 26 бірлік техника, 100-ге жуық маман тоқтаусыз жұмыс істеп жатыр. Қоймада автобөлшектер, көлік дөңгелектері және медициналық бетперделер сақталған. Жануы тез заттар болғандықтан, өртті өшіру оңай болмады, дейді мамандар.
Абай Асылбаев, Әуезов ауданы ТЖБ бастығы:
Жанында орналасқан ғимараттың шатыры өртенуі қаупі төнді. Жедел құрам дер кезінде әрекет етіп, жанында тұрған әкімшілік ғимарат пен бизнес өкілдерінің заттарын аман алып қалды.
Ернұр Медет, тілші:
Өрт таңғы 08:30 шамасында басталған. Айналадағы тұрғындар бірден байқап, төтенше жағдайлар қызметкерлеріне хабарласқан. Таңертең төңірек түтінге тұмшаланып тұрды дейді, мұндағы жұрт.
Дәурен Ахаев, қала тұрғыны:
Біз сағат 08:15-08:20-да келгенде қара түтін шығып, кеңсенің алдын күл басып жатты. Көліктің бәрі күл болып кетті. Өрт жолды жауып тастады.
Ернұр Медет, тілші:
Айта кетейік, жыл басталғалы Алматыда 90-нан аса ірілі- ұсақты өрт дерегі тіркелген. Апта басында ғана «Сауран» базарының артындағы қойма қызыл жалынға оранған еді. Шығу себебі әлі анықталмады.
Ернұр Медет
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
ӘЧ: 2 боксшымыз финалда
13.09.2025, 17:41

Елордада Қызылорда өңірінің ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі ашылды
13.09.2025, 15:39
Мерейлі отбасы – мемлекет тірегі
13.09.2025, 15:31
Астанада ұлттық құндылықтар ұлықталды
13.09.2025, 15:29
Шымкентте жасанды интеллектіге жол ашқан жаһандық форум өтті
13.09.2025, 15:27
Ақтауда үкіметтік емес ұйым өкілдерінің форумы өтіп жатыр
13.09.2025, 15:26
Жамбыл облысында ветеринариялық нысандардың тең жартысы талапқа сай емес
13.09.2025, 15:24
400 студент Венгрияда оқуға мүмкіндік алды
13.09.2025, 15:21