Президент Украинадағы жағдай туралы пікір білдірді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Президент Украинадағы жағдай туралы пікір білдірді

13.02.2025

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Украина төңірегіндегі жағдайға қатысты пікір білдіріп, еліміздегі тыныштық пен тұрақтылықтың басты құндылық екенін атап өтті. Бұл туралы ол Астанада өткен «Жұмысшы мамандықтарының қаласы» фестивалінде жастармен кездесуі кезінде айтты. Президент Қазақстанның осы соғыс басталған кезден-ақ оны тоқтату қажеттігін айтып, дипломатиялық келіссөздер арқылы бейбіт шешімге келу керек деген ұстанымда болғанын еске салды. Қазір екі алпауыт ел саяси диалог жүргізе бастағаны – оң үрдіс, әрі Қазақстан үшін де тиімді қадам екенін атап өтті. Сондықтан біз бұл процесті барынша қолдаймыз, деді Мемлекет басшысы. Сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның идеологиялық темірқазығы «Бірлігіміз – әралуандықта» екенін еске салды. Ал фестиваль аясында Президент түрлі салаға маман даярлау үдерісімен танысып, атом электр стансасы сияқты ірі жобаларды жүзеге асыру үшін жоғары білімді, кәсіби дағдысы бар мамандар қажет екенін айтты. 

Шерхан Жамбылұлы

Хабарламаларға жазылу