Жаңа Салық кодексіне сәйкес қаржы ұйымдары, оның ішінде екінші деңгейлі банктер мен құрылыс компанияларына қосымша құн салығы салынуы мүмкін.
Жобада қосылған құн салығын да, жаңа салықтарды да енгізу көзделген. Бұл туралы бүгін Алматыда Премьер-министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин айтты. Жиынға алматылық кәсіпкерлер қатысып, жаңа реформаға қатысты өз ойын айтып, ұсынысын да жеткізді. Үкімет мүшелерінің пікірінше, бүгінде кәсіпорындардың 4 пайызы ғана қосылған құн салығын төлейді. Көптеген компания салықтан жалтару үшін түрлі айла-әрекетке барып, бизнесін жасанды түрде бөлшектейді. Бұл салық жүйесіне нұқсан келтіріп, көлеңкелі бизнеске жол ашып отыр деді. Үкімет қосымша құн салығын дифференциалды түрде 16 пайызға көтермек. Десе де ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілер бұл салықтан мүлде босатылады. Сондай-ақ халықпен жұмыс істейтін кәсіпкерлер үшін ешқандай өзгеріс жоқ.
Серік Жұманғарин, Премьер-министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі:
Сауда жасайтын, базарда тұратын адамдар, ресторан, қонақ үй - оларға реформа әсер етпейді. Бұрын қалай жұмыс істеді, солай істей береді. 6 жұмыс тобын құрдық. Олар бүгіннен бастап өңірлерге шықты. Мысалы, Алматыны өзім басқардым. Алматы - шағын және орта кәсіптің дамыған өңірі.
Жазира Оразқызы
