Семейде қайтарылған активтер есебінен арнайы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы салынады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Семейде қайтарылған активтер есебінен арнайы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы салынады

12.02.2025

Семейде қайтарылған активтер есебінен арнайы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы салынады. Үкімет қаладағы медициналық-әлеуметтік мекемені кеңейту үшін жаңа корпустың құрылысына 2,6 млрд теңге бөлді. Орталықтың сыйымдылығы 100 орын. Бұл бастама Абай облысы тұрғындарын сапалы медициналық көмекпен қамтуға мүмкіндік береді.

Төлеухан Нұрмағамбетов, еңбек ардагері:

Абай облысында көптен күткен құрылыс басталады. Бұл өңір халқын сапалы медициналық қызметпен қамтамасыз етеді. Қазір 2 корпус жұмыс істеп тұр. Екеуіне 400-450 пациент қарала алады. Оған мүмкіндік бар. Жаңа салынатын орталық толықтай жабдықталады. Азаматтардың ем алуына барынша жағдай жасалады.

Динара Жарқынбек

Хабарламаларға жазылу