Қазақстанда 9 мыңға жуық адам солтүстікке қоныс аударды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстанда 9 мыңға жуық адам солтүстікке қоныс аударды

11.02.2025

Оңтүстіктен солтүстікке былтыр 9 мыңға жуық адам қоныс аударды. Оның ішінде шетелден келген қандастар да бар. Көші-қон бағдарламасын іске асыру үшін бюджеттен 10 млрд 680 млн теңге бөлінді. Осылайша өңірге барғандарға 258 мың теңге бірреттік төлем берілді. Бұл қаражат отбасындағы әрбір адамға жеке есептеледі. Сонымен бірге тұрғын үй мен коммуналдық шығынға қосымша ақша төленеді. Қоныс аударғандың тең жартысы жұмыспен қамтылған.

Айя Мүтәлі 

Хабарламаларға жазылу